Программаны тестілеу

Анықтама
Программаны тестілеу — программада анықталған қателерді табу мақсатында, арнайы дайындалған деректер жиынтығымен (ТЕСТ) программаны орындау процесі.

Тестілеудің үш кезеңі: 1) Қалыпты жағдай — әдеттегі мәліметтермен; 2) Экстремалды жағдай — шекті мәндермен (минимум, максимум); 3) Ерекше жағдай — рұқсат етілген аралықтан тыс мәндермен.

Есеп: while (i == n): деп жазылған код (== орнына <= қажет еді).
Мәселе: i бастапқы мәні 1, n=6. 1==6 ЖАЛҒАН, сондықтан ЦИКЛ ДЕНЕСІ БІРДЕ ДЕ ОРЫНДАЛМАЙДЫ! Программа қате хабарламасынсыз аяқталады, бірақ f=1 болып қалады (720 болу керек еді).
Маңызды ереже
Қате туралы хабарламаның болмауы программаның ДҰРЫС екенін БІЛДІРМЕЙДІ. Python интерпретаторы тек СИНТАКСИСТІК немесе ОРЫНДАЛУ қателерін көреді. АЛГОРИТМДІК қатені тек СЕН, тестілеу арқылы таба аласың.
Қате түріКім табадыҚашан
СинтаксистікPython интерпретаторыДереу
Орындалу уақытыPython интерпретаторыПрограмма сол жолға жеткенде
Алгоритмдік (логикалық)ТЕК СЕН, тестілеу арқылыТек мұқият тестілегенде
Есеп: a<b болса — өсу ретімен, әйтпесе кему ретімен шығару.
Тест жоспары: a<b (қалыпты), a>b (қалыпты), a=b (ЭКСТРЕМАЛДЫ — шекті жағдай, назардан тыс қалуы оңай!).
Жауабы: a=b=7 болса → тек «7» шығады.