Анықтама
Функция — параметріне (аргументіне) тәуелді мәндерді қайтаратын Excel-дің кірістірілген құралы; жадта сақталған арнайы формула. Синтаксисі: =ФУНКЦИЯ_АТАУЫ(аргумент1; аргумент2; ...).
Функцияны енгізу «=» белгісінен басталады; аргументтер нүктелі үтірмен бөлінеді. Аргумент — сан, мәтін, сілтеме, диапазон, тіпті БАСҚА ФУНКЦИЯ болуы мүмкін: =ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2). Функцияны кірістіру: формула жолындағы fx батырмасы немесе Функция шебері (Мастер функций).
| Категория | Мысал функциялар |
| Математикалық | ABS, КОРЕНЬ, СУММ, СТЕПЕНЬ |
| Статистикалық | МАКС, МИН, СРЗНАЧ, СЧЁТЕСЛИ |
| Мәтіндік | ДЛСТР, ЛЕВСИМВ, СЦЕПИТЬ, СИМВОЛ |
| Логикалық | ЕСЛИ, И, ИЛИ, НЕ |
| Мерзім және уақыт | ВРЕМЯ, ГОД, ДАТА |
Анықтама
ЕСЛИ (ЕГЕР) — шарттың орындалуын тексеретін логикалық функция. Синтаксисі: ЕСЛИ(логикалық_өрнек; ақиқат_мәні; жалған_мәні). Күрделі шарт үшін И (барлығы орындалса) және ИЛИ (біреуі орындалса) қолданылады. Көп нұсқа үшін — кірістірілген ЕСЛИ: =ЕСЛИ(А1<20000;12;ЕСЛИ(А1<40000;15;18)).
| Қате | Себебі |
| #ДЕЛ/0! | Нөлге бөлу |
| #ЗНАЧ! | Қате аргумент немесе оператор |
| #ИМЯ? | Танылмаған атау |
| #Н/Д | Мән берілмеген |
| #ССЫЛКА! | Қате сілтеме |
Есеп: Бөлім нөл болса, «нөлге бөлу» деп жазу керек.
Шешуі: =ЕСЛИ(B1=0;"нөлге бөлу";A1/B1).