Компьютерді пайдаланудың кері аспектілері

Анықтама
Электромагниттік сәуле шығару — түрлі сәуле шығаратын объектілерден тарайтын электромагниттік толқындардың энергиясы; электромагниттік толқындардың кеңістікте таралуы.

Кез келген электр энергиясын өндіретін немесе тұтынатын электрондық құрылғы электромагниттік сәуле шығарады: желілер, тұрмыстық техника, көліктер, компьютер, телефондар.

Адам үшін шекті рұқсат етілген сәулелену мөлшері — 0,2 мкТл (микротесла). Өсіп келе жатқан бала ағзасына тиетін зиян ересекке қарағанда 10 есе артық.

ҚұрылғыСәуле шығаруы (мкТл)Қалыптан тыс (есе)
Компьютер1–1005–500
Ұялы телефон40200
Тоңазытқыш15
Электр шәйнек1050
Микротолқынды пеш8–10040–500
Фен15–1775–85
Трамвай мен троллейбус150750
Метро3001500

Зиянды әсерлер: жүйке жүйесі, иммундық жүйе, жүрек-қан тамырлар жүйесі, эндокринді жүйе, тірек-қозғалыс мүшелері, психика, көздің көруі. Ұзақ отырудан: омыртқа қисаяды, омыртқааралық дискілер деформацияланады (Шморль жарығы), варикоз дамиды. Көзге: «құрғақ көз» синдромы, алыстан нашар көру.

ТалапМәні
Монитор қашықтығы60–70 см
Колонкалар мен принтер50 см
Роутер, модем35 см
Кондиционер, проектор1,5 м
Бірнеше компьютер арасы1 м
Үзіліс (оқушы)20 мин жұмыс / 15 мин демалыс

Қосымша: ноутбукты тізеге қойып отыруға болмайды; компьютер сатып аларда «S» белгісіне назар аудар (радиацияға қарсы қорғаныс); пластик терезеден гөрі ағаш терезе қолайлырақ.