Мәселе Мәселе — мәселелік жағдаятты ғылыми түрде бейнелеу формасы. Мәселелік жағдаят — білім мен тапсырманы шешу қажеттілігі арасындағы сәйкессіздіктен туындайтын қиындық.
Есепті компьютерде шешудің 5 кезеңі
Мәселенің қойылуы: мақсатты, бастапқы деректерді және нәтиже формасын анықтау.
Формальдау: мәселенің математикалық немесе ақпараттық моделін құру.
Алгоритмді құру: шешу жолын блок-сызба, кесте немесе сөздік түрінде жазу.
Программалау: таңдалған бағдарламалау тілінде (мысалы, Python) код жазу.
Тестілеу және реттеу: қателерді тексеру және кодты түзету.
Тестілеу және Реттеу
Тестілеу — программаның немесе оның бөлігінің дұрыс жұмыс істеуін тексеру процесі (алынған нәтижелерді күтілген нәтижемен салыстыру).
Реттеу (дебаггинг) — табылған қателерді (алгоритмдік, грамматикалық немесе техникалық) іздеу және жою процесі.
Деңгей: Қиын
Практикалық есеп: Сызықтық теңдеу
Берілді:ax + b = 0 сызықтық теңдеуі, a және b — кез келген сандар.
Табу керек: Теңдеудің барлық мүмкін жағдайын ескеретін шешу программасы.
Шешуі (Формальдау кезеңі):
• Егер a ≠ 0 болса, онда x = -b / a (бір түбірі бар).
• Егер a = 0, бірақ b ≠ 0 болса, онда түбірі жоқ.
• Егер a = 0 және b = 0 болса, онда кез келген сан түбір болады.
print("Tendeydin koeffisientin engiz")
a = int(input())
b = int(input())
if a != 0:
print("x=", -b / a)
elif b != 0:
print("Tubiri jok")
else:
print("Kez kelgen san")
Жауабы:
a = 5, b = 7 → x = -1.4
a = 0, b = 7 → "Tubiri jok"
a = 0, b = 0 → "Kez kelgen san"