Кесте Кесте — деректерді жолдар мен бағандар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Деректерді жүйелеуге, қажетті ақпаратты оңай іздеп табуға мүмкіндік береді.
Ұяшық Ұяшық — жол мен баған қиылысы. Ұяшықтарға сандар, мәтін, формула, кірістірілген кестелер немесе графикалық белгілер жазылады.
Бағандар ережесі
Кесте бағандарындағы деректер типі бағандар арасында әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бір баған ішіндегі деректер бір типте болуы қажет. Әдетте кестенің бірінші жолына бағандардың тақырыптары жазылады.
Кестемен жұмыс Кестемен орындалатын негізгі әрекеттер:
Жол/баған қосу немесе өшіру
Ұяшықтарды біріктіру немесе бөлу
Кестені екіге бөлу
Жол биіктігі мен баған енін теңестіру
Ұяшықтағы деректерді сұрыптау
Мәтін бағытын өзгерту
Пішімдеу Форматтау (Пішімдеу) — мәтіннің немесе кестенің сыртқы түрін өзгерту процесі (қаріп, түс, шекара, туралау және т.б.).