| Түрі | Сипаттамасы |
|---|---|
| Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі | Үлкен, Кіші, Аралығында, Тең, Мерзім, Мәтінді анықтау, Қайталанатын мәндер бойынша ерекшелеу |
| Алғашқы/соңғы мәндерді іріктеу | Ең үлкен/кіші N элементті немесе пайызды, орта мәннен жоғары/төмен мәндерді анықтау |
| Гистограммалар | Ұяшық ішінде мән көлеміне сай түсті жолақ көрсету |
| Түсті шкалалар | Мән деңгейіне қарай 2-3 түс арасында градиентпен бояу |
| Белгішелер жиыны | Мәнді басқа мәндермен салыстырып, бағыт/баға көрсеткіш белгішесін қою |
Мысал: Ұяшық мәніне қарай көк жолақ (гистограмма) ұзарады, ал 2,8-ден кіші мән қызылмен ерекшеленген.
Шартты форматтау → Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі → Кіші мәзірін таңдаймыз. Шекті мәнге 2,8 енгізіледі және сәйкесінше қызыл түс таңдалады.