Пайдаланушы интерфейсі

Интерфейс
Интерфейс (ағыл. inter — өзара, face — бет жағы) — жүйе элементтері арасындағы өзара әрекеттесу құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
UI
Пайдаланушы интерфейсі (User Interface, UI) — адам мен компьютердің өзара әрекеттесу ережелері мен құралдарының жиынтығы. Тек экранның сыртқы көрінісі ғана емес, пайдаланушының программамен әрекеттесуіне әсер ететін барлық элементтер.

Интерфейс түрлері

CLI
Командалық жол интерфейсі (Command Line Interface) — компьютерге нұсқаулар пернетақтадан мәтіндік командалар енгізу арқылы берілетін интерфейс түрі. Ең аз жад шығынын талап етеді, бірақ көп команда жаттауды қажет етеді.
C:\> DIR 12/05 10:23 <DIR> System 12/05 10:25 config.sys C:\> _
GUI
Графикалық интерфейс (Graphical User Interface) — жүйе нысандары мен функцияларын экранның графикалық компоненттері (белгішелер, мәзірлер, терезелер) түрінде ұсынуға негізделген интерфейс. "Достық интерфейс" деп те аталады.
Бума Файл

GUI Тарихы

1960-жылдары Даг Энгельбарт Стэнфорд зертханасында графикалық интерфейс идеясын ойлап тапты. 1973 жылы XEROX PARK зертханасында WIMP (Windows, Icons, Menus, Point-Click) концепциясы жасалды. 1984 жылы Macintosh компьютерлерінде алғаш қолданылды, кейін Windows-қа көшті.

1960 Энгельбарт 1973 XEROX (WIMP) 1984 Macintosh

Графикалық интерфейс элементтері мен әрекеттері

ЭлементАнықтамасы
Жұмыс үстеліОЖ жүктелгеннен кейін пайда болатын экранның негізгі аймағы
Бумалар терезесіБума ішіндегі объектілерді көрсететін аймақ
Диалогтік терезеАқпарат енгізу немесе параметр көрсету қажет болғанда шығатын терезе
Қосымшалар терезесіІске қосылған программа көрсетілген бөлік
Құжаттар терезесіПайдаланушының жеке файлдары сақталатын бума
Жанама мәзірТінтуірдің оң жақ батырмасымен шақырылатын командалар тізімі
Тінтуір әрекетіСипаттамасы
Бір рет шертуСол жақ батырманы тез басу және жіберу
Екі рет шертуЕкі шерту арасындағы уақыт аралығы өте аз
ТасуСол жақ батырманы басып, объектінің орнын ауыстыру
СозуОбъект пішінін (мысалы, терезе өлшемін) өзгерту
МеңзеуОбъектіге апарып, қасиеттерін сипаттайтын қалқымалы сөзді шығару

Юзабилити және Эргономика

Юзабилити
Юзабилити (usability) — халықаралық стандартқа сай пайдаланушы үшін ыңғайлы, түсінікті, эргономикалық өнім.
Эргономика
Эргономика — өнімнің батырмалар, қосқыштар, корпус формасы сияқты физикалық құрамдас бөліктеріне қолданылатын термин.
Эргономикалық критерийСипаттамасы
Жылдамдық, түсініктілікПайдаланушы жұмысының қарапайымдылығы
КөрнекілікПайдаланушы кері байланыс алады (қандай процесс жүріп жатқанын көреді)
Басқару еркіндігіТоқтату (undo) және қайталау (redo) мүмкіндігі
КелісімділікСөздер мен операциялардың стандартқа сәйкестігі
Қателерді болдырмауҚате шарттарын жою немесе алдын ала ескерту