Домендік атаулар жүйесі (DNS) және жеке виртуалды желі (VPN)
Анықтама
DNS (Domain Name System) — пайдаланушыға IP-адрес орнына түсінікті атау қолдануға мүмкіндік беретін Интернет қызметі.
Анықтама
Домен — Интернеттегі әрбір сайттың бірегей атауы. Деңгей ОҢНАН СОЛҒА қарай есептеледі: www.smk.edu.kz — kz (1-деңгей), edu.kz (2-деңгей), smk.edu.kz (3-деңгей).
| Домен түрі | Мысал | Сипаттамасы |
| Географиялық | .kz, .ru, .uk | Ел (2 әріп) |
| Әкімшілік | .com, .edu, .gov | Қызмет түрі (3+ әріп) |
Тарихи факт
Қазақстанның ең алғашқы .kz домені 1994 жылдың 19 қыркүйегінде тіркелген.
Анықтама
TCP/IP — TCP (тасымалдау) мен IP (маршруттау) протоколдарының бірігуі. Деректі пакеттерге бөліп, жеткізіп, қайта жинайды.
Анықтама
VPN (Virtual Private Network) — жоғары жылдамдықты Интернет үстінде қауіпсіз логикалық желі құру технологиясы. Негізгі мақсаты — корпоративті желіге сырттан қауіпсіз қолжеткізу.
Деңгей: Оңай Домен деңгейін анықтау
Берілді: www.almaty.edu.kz мекенжайы.
Табу керек: 2-деңгейлі доменді анықтау.
Шешуі:
Деңгей оңнан солға есептеледі: kz (1), edu.kz (2), almaty.edu.kz (3).
Жауабы: edu.kz — 2-деңгейлі домен.