Циклдер екі түрге бөлінеді: арифметикалық цикл (for) — орындалу саны АЛДЫН АЛА белгілі; қадамдық цикл (while) — орындалу саны алдын ала белгісіз.
for <цикл параметрі> in <тізбек немесе range()>: цикл денесі
| Жазылуы | Мағынасы | Мысал |
|---|---|---|
| range(n) | 0-ден n−1-ге дейін | range(6) → 0,1,2,3,4,5 |
| range(k, n) | k-дан n−1-ге дейін | range(6,11) → 6,7,8,9,10 |
| range(k, n, x) | k-дан n−1-ге дейін x қадаммен | range(1,11,2) → 1,3,5,7,9 |
n = int(input("Enter n= ")) sum = 0 for i in range(1, n+1): sum += i print(sum)Жауабы: n=5 → 1+2+3+4+5 = 15.
Кірістірілген циклдер — бір цикл екіншісінің ІШІНЕ орналасады. Жұмыс уақыты цикл терендігіне тәуелді: 1 цикл — n рет, 2 кірістірілген — n² рет, 3 кірістірілген — n³ рет.
n = 3 for x in range(1, n+1): for y in range(1, n+1): print(y, 'x', x, '=', y*x)Жауабы: сыртқы 3 рет, әр қадамда ішкі 3 рет — барлығы 9 нәтиже.