Continue циклін басқару

Анықтама
Continue (жалғастыру) — белгілі бір шарттың көмегімен ағымдағы цикл итерациясын тоқтатып, келесі итерацияға бірден өтетін цикл нұсқаулығы. Цикл ТОЛЫҚ тоқтамайды — шарт қайта тексеріліп, келесі итерация жалғасады.
for/while <шарт>:
    if <шарт>:
        continue
    цикл ішіндегі қалған командалар
Есеп: N мен M аралығындағы ТАҚ сандарды шығару.
N, M = map(int, input().split())
for i in range(N, M+1):
    if i % 2 == 0:
        continue
    print(i, end=' ')
Жауабы: N=14, M=25 болса → 15 17 19 21 23 25.
Есеп: S жолындағы «а»/«A» әріптерін өшіру.
s = input('s=')
for i in s:
    if i == 'A' or i == 'a':
        continue
    print(i, end='')
Жауабы: «Aduyaaaakeraasd» → «duykersd».
Ескерту
Санауышты арттыратын жол (мысалы, a += 1) continue-ДЕН БҰРЫН тұруы керек! Егер continue-ден КЕЙІН тұрса — шарт орындалғанда санауыш ешқашан артпайды, ШЕКСІЗ ЦИКЛ пайда болады.

For циклі ТЕК сандармен емес, ЖОЛДАРМЕН (мәтінмен) де жұмыс істей алады: for i in "Үстел": — жолдың әрбір әрпі бойынша жүреді.