Статистикалық мәліметтер. Сілтемелер
Анықтама
Статистика (лат. status — жай-күй) — қоғамдағы құбылыстар мен үдерістер туралы деректерді жинап, өңдеп, талдайтын ғылым. Статистикалық мәліметтер — статистикалық зерттеулер негізінде алынған сандық сипаттамалардың жиынтығы.
Анықтама
Сілтеме — формула жазу барысында қолданылатын объект адресі (ұяшық, жол, баған, ұяшықтар ауқымы). Ұяшық — жол мен бағанның қиылысы (мысалы, A1, C18). Формула — «=» таңбасынан басталатын өрнек.
Excel-де сілтеменің үш типі бар: салыстырмалы, абсолютті және аралас. Үнсіз келісім бойынша барлық сілтеме — салыстырмалы.
Анықтама
Салыстырмалы сілтеме — формуланы көшіру барысында адресі жаңа орнына сәйкес автоматты өзгеретін сілтеме (A1, D25). Оңға/солға көшіргенде баған аты, жоғары/төмен көшіргенде жол нөмірі өзгереді.
Анықтама
Абсолютті сілтеме — формула көшірілгенде адресі өзгермейтін сілтеме. Баған аты мен жол нөмірінің алдына $ белгісі қойылады: $A$9. Аралас сілтеме — бағаны немесе жолы ғана бекітілген: $A1 (баған бекітілген), A$1 (жол бекітілген).
Сілтеме типін өзгерту үшін оны ерекшелеп, F4 пернесін басу керек: $A$1 → A$1 → $A1 → A1 тәртібімен ауысады.
| Сілтеме түрі | Оңға толтырғанда | Төмен толтырғанда |
| A1 (салыстырмалы) | B1 | A2 |
| $A1 (баған бекітілген) | $A1 | $A2 |
| A$1 (жол бекітілген) | B$1 | A$1 |
| $A$1 (абсолютті) | $A$1 | $A$1 |
Деректер пішімдері: сандық, экспоненциалдық, бөлшек, пайыздық, күн, уақыт, қаржылық форматтар (Ұяшықтар форматы → Сандық форматтар).
Файларалық сілтеме екінші файлдағы ұяшыққа сілтеу мүмкіндігін береді: =[1.xlsx]Лист1!$D$4. Ол әдепкіде абсолютті болады.
Есеп: A1=5, B2=8. B1 ұяшығында =A1*$B$2 (нәтиже 40). Формула C2-ге көшірілді.
Шешуі: A1 салыстырмалы → B2 болады (1 баған оңға, 1 жол төмен); $B$2 өзгермейді.
Жауабы: =B2*$B$2, нәтиже 64.