Excel-де деректерді талдаудың негізгі құралдары: диаграммалар мен спарклайндар (көрнекілік), сұрыптау/сүзгі, топтау, консолидация, аралық нәтижелер, жиынтық кестелер.
Анықтама
Спарклайн — ұяшықтың ішінде орналасатын миниграфик; деректердегі процестерді (баға, сату көлемі) қадағалауға арналған. Құру: Кірістіру → Спарклайндар → График.
Анықтама
Жиынтық кесте (Сводная таблица) — кестелік деректер негізінде құрастырылатын есеп; көлемі үлкен деректерді талдауға қолданылады. Алаңдар төрт аймаққа орналасады: Есеп сүзгісі, Бағандар атауы, Жолдар атауы, Мәндер.
| Функция | Қызметі | Мысал |
| ОСТАТ() | Бөлгендегі қалдық | =ОСТАТ(8;3) → 2 |
| ОКРУГЛ() | Дөңгелектеу | =ОКРУГЛ(100,214;1) → 100,2 |
| ЦЕЛОЕ() | Ең жақын кіші бүтін | =ЦЕЛОЕ(7,5) → 7 |
| ЧАСТНОЕ() | Бөлудің бүтін бөлігі | =ЧАСТНОЕ(8,3;5) → 1 |
Анықтама
Корреляциялық тәуелділік — бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың мәні өзгеретін статистикалық тәуелділік. КОРРЕЛ функциясы R мәнін есептейді: R > 0 — оң байланыс, R < 0 — теріс байланыс. Тренд сызығы деректер трендін болжауға арналады; R² — сенімділік коэффициенті. ПРЕДСКАЗ(x; y-аралық; x-аралық) — сызықтық болжам функциясы.
Есеп: Пост саны (x) мен танысушылар (y) арасында R=0,967 байланыс бар. Тренд теңдеуі: y = 2,257x − 16,23.
Шешуі: x=120 → y ≈ 254,6 мың (теңдеумен немесе =ПРЕДСКАЗ(120;...) арқылы).
Жауабы: ≈254 мың танысушы болады деп болжанады.