Процессор және оның сипаттамалары

Анықтама
Процессор (орталық процессор, ағыл. CPU — Central Processing Unit) — ақпаратты өңдейтін және компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіретін негізгі микросхема. Оны компьютердің «миы» деп те атайды.

Процессор — алюминиймен қапталған өткізгіштермен байланысқан транзисторлары бар жартылай өткізгішті кристалл, керамикалық корпусқа орналастырылады. Ондаған миллион (заманауи модельдерде — миллиардтаған) транзистордан тұрады — компьютердің ең қымбат микросхемасы. Графикаға арналған бөлек процессор — GPU (Graphics Processing Unit).

ҚызметіАдамКомпьютер
Ақпаратты сақтауЗердеЖад
Ақпаратты өңдеуОйлау жүйесіПроцессор
Ақпаратты қабылдауСезім мүшелеріЕнгізу құрылғылары
Ақпаратты тасымалдауСөйлеу, қозғалысШығару құрылғылары

Джон фон Нейман сәулеті бойынша компьютер төрт бөліктен тұрады: арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы, жады, енгізу-шығару құрылғылары. Қазіргі компьютерлерде АЛҚ мен басқару құрылғысы процессорға біріктірілген.

Процессордың құрамы: басқару құрылғысы (жұмысты үйлестіреді), АЛҚ (математикалық/логикалық операциялар), жад регистрлері, кэш-жад, сопроцессор, процессор интерфейсі, жүйелік шина.

Анықтама
Регистр — процессордың машиналық сөз сақталатын жад ұяшығы. Регистрлер 8, 16, 32, 64 разрядты болады.
Анықтама
Процессор разрядтылығы — бір тактіде процессор өңдей алатын бит саны (регистр өлшемі).

32 разрядты процессор бір тактіде 4 байт, 64 разрядты — 8 байт өңдейді. Алғашқы модельдер 16-разрядты болды, 2014 жылдан бастап 64 разрядты процессорлар негіз болды.

Анықтама
Тактілік жиілік — процессордың бір секундта орындайтын тактілер саны. Өлшем бірлігі — Герц (Гц). Заманауи процессорлар 3–4 ГГц жиілікте жұмыс істейді.

Өнімділік формуласы

Процессор өнімділігі = разрядтылық × жиілік × бір тактідегі командалар саны.

Кэш-жад — процессор мен жедел жад арасында қолданылатын, ақпаратты уақытша сақтауға арналған шағын әрі аса жылдам буферлік жад. Іздеу реті: регистр → кэш → жедел жад → HDD.

ДеңгейОрналасуыЖылдамдығыКөлемі
L1Тікелей ядродаЕң жылдам≤128 Кбайт
L2ПроцессордаL1-ден төмен128 Кбайт–12 Мбайт
L3Аналық тақшадаL1/L2-ден баяуЕң үлкен
Анықтама
Жүйелік шина (FSB) — процессордың жүйелік блоктағы құрылғылармен ақпарат алмасуына арналған байланыс арналарының жиынтығы. Разрядтылығы (8/16/32/64) мен жиілігі (66–1666 МГц) бар.

Адрес адрестік шина арқылы беріледі. Шина n разрядты болса, онымен 2ⁿ түрлі адрес жіберуге болады. 2ⁿ мәні — процессордың адрестік кеңістігі.

Деңгей: Орта

Адрестік кеңістік

Берілді: Адрес шинасы 24 разрядты.
Табу керек: Процессордың адрестік кеңістігі — ?
Шешуі: Адрестік кеңістік = 2ⁿ = 2²⁴ = 16 777 216 байт = 16 Мбайт.
Жауабы: Процессор жедел жадтың 16 Мбайтын адрестей алады.

Ядролар саны — көпядролы процессор аналық тақшаға біріктірілген бірнеше процессордың жиынтығы: екі ядролы — екі тапсырманы бір уақытта орындайды, төрт ядролы — төртеуін бірмезгілде. Алғашқы екіядролықтар: Intel Core 2 Duo, AMD Dual-Core.

Негізгі процессор өндірушілер — Intel (1971 жылдан) және AMD (1995 жылдан өз чиптерін шығарады), сондай-ақ Apple Silicon. Техпроцесс — транзистор өлшемі: заманауи процессорлар 14 нм, эволюциясы 22→14→10→7→5 нм.