Программаны тестілеу және түзету

Тестілеу
Тестілеу — программа мен оның бөліктерінің жұмысының дұрыстығын тексеруге арналған сынақ. Мақсаты — программадағы қатені табу. Программа тест деректеріне сәйкес дұрыс нәтиже берсе, бұл процесс растау (верификация) деп аталады.
Түзету (Дебаггинг)
Түзету (дебаггинг) — программа іске қосылғаннан кейін қателерді іздеу және жою процесі. Тестілеу қатені табу құралы болса, түзету — табылған қатені жою құралы.

Түзету = Тестілеу + Қателерді іздеу + Редакциялау
Трассировка
Трассировка — алгоритмді орындау барысында процессор жұмысын қолмен модельдеу, әр қадамда айнымалылардың мәнін кестеге жазу арқылы тексеру тәсілі. Кесте бағандары: алгоритм командасы, айнымалылар, орындалатын әрекет.
Команда Айнымалылар Әрекет Енгізу x x = 5 Мән берілді x > 0 5 > 0 True (Ақиқат) x = x * 2 x = 10 Есептелді
Деңгей: Орта

Практикалық есеп: Трассировка

Берілді: a, b екі сан. Егер a > b болса, екеуі де еселенеді (a*2, b*2); әйтпесе де екеуі де еселенеді.
Табу керек: Программа коды және a=6, b=2 жағдайына трассировка кестесі.
Шешуі (Python коды):
a = int(input("Sandy engiz a: "))
b = int(input("Sandy engiz b: "))

if a > b:
    print("a = ", 2 * a, "b =", 2 * b)
else:
    print("a = ", 2 * a, "b =", 2 * b)
Трассировка кестесі (a=6, b=2):
Команда a b Әрекет
1Енгізу a, b62
2a > b626>2 (True)
3a = 2 * a122a еселенді
4b = 2 * b124b еселенді
Жауабы: a = 12, b = 4