Алгоритмді программалау

Программа
Программа — компьютерге түсінікті машина тіліндегі алгоритм жазбасы, "Компьютер" атқарушысы орындайтын командалар жиынтығы. Программа жазу процесі программалау деп аталады.

Алгоритм түрлері

Алгоритмдер процесс түріне қарай 3 топқа бөлінеді:
  • Сызықтық — командалар бірінен соң бірі тізбектеле орындалады.
  • Тармақталған — орындалуы шартқа тәуелді.
  • Циклдік — әрекеттер белгілі бір шарт орындалғанша бірнеше рет қайталанады.
Сызықтық Тармақталған Шарт Циклдік Шарт
Түсініктеме және Литерал
Түсініктеме (#) — кодты түсіндіруге арналған, # символынан жол соңына дейін әрекет етеді, программа орындалмайды.

Литерал — кодта тікелей жазылған мән (сан, жол), мысалы 15, 1.5, '7-synyp'.
Идентификатор ережелері
Идентификатор — объектіге берілетін атау (айнымалы, функция).
  • Әріптерден, _ таңбасынан немесе цифрдан тұрады;
  • Цифрдан басталмауы керек;
  • Регистрге сезімтал (UserName ≠ username);
  • Тірек сөзбен (print, if) сәйкес келмеуі қажет.

Идентификатор мысалдары

Дұрыс Дұрыс емес
a12a (цифрдан басталады)
my_name"бос орын бар атау" (бос орын бар)
name_7>a1b2_c3 (арнайы таңба қолданылған)
anna123print (тірек сөз)

Меншіктеу операторлары

ОператорСипаттамасыМысал
=Мәнді меншіктеуc = 27
+=Қосып, нәтижені меншіктеу (c = c + a)c=25, a=23 → c += a → c=48
-=Азайтып, нәтижені меншіктеу (c = c - a)c=25, a=23 → c -= a → c=2
*=Көбейтіп, нәтижені меншіктеу (c = c * a)c=25, a=23 → c *= a → c=575
/=Бөліп, нәтижені меншіктеу (c = c / a)c=100, a=20 → c /= a → c=5
%=Қалдықты меншіктеу (c = c % a)c=5, a=2 → c %= a → c=1
**=Дәрежеге шығарып меншіктеу (c = c ** a)c=3, a=2 → c **= a → c=9
Деңгей: Қиын

Практикалық есеп: Кібісе жылды анықтау

Берілді: year — бүтін сан (жыл).
Табу керек: Жылдың кібісе немесе кәдімгі екенін анықтау.
Шешуі (Формальдау):
• Жыл 4-ке бөлінбесе — кәдімгі.
• 4-ке бөлінсе, бірақ 100-ге бөлінбесе — кібісе.
• 100-ге бөлінсе, тек 400-ге бөлінгенде ғана кібісе болады, әйтпесе кәдімгі.
year = int(input())

if year % 4 != 0:
    print('kadimgi jyl')
elif year % 100 == 0:
    if year % 400 == 0:
        print('kibise jyl')
    else:
        print('kadimgi jyl')
else:
    print('kibise jyl')
Жауабы:
year = 2000 → "kibise jyl"
year = 1999 → "kadimgi jyl"
year = 300 → "kadimgi jyl"