Таңдауды ұйымдастыру

Таңдау операторы
Көптеген программалау тілдерінде switch-case таңдау операторы болады. Python тілінде арнайы таңдау операторы жоқ — оның орнына if-elif-else құрылымы немесе сөздік (dict) қолданылады.
Деңгей: Орта

Есеп 1. Ұпайға сай баға қою

Берілді: Тест нәтижесі бойынша ұпай саны (points).
Табу керек: Ұпайға сай баға қою (85+: өте жақсы, 70+: жақсы, 55+: қанағаттанарлық, 40+: қанағаттанарлықсыз, 40-нан төмен: қайта тапсыру).
Шешуі (Python коды):
points = int(input("Сен жинаған ұпай саны="))

if points >= 85:
    print("Сенің бағаң - өте жақсы")
elif points >= 70:
    print("Сенің бағаң - жақсы")
elif points >= 55:
    print("Сенің бағаң - қанағаттанарлық")
elif points >= 40:
    print("Сенің бағаң - қанағаттанарлықсыз")
else:
    print("Саған тестті қайта тапсыру қажет")
Жауабы:
points = 90 → "өте жақсы"
points = 30 → "қайта тапсыру қажет"
Деңгей: Орта

Есеп 2. Қарапайым калькулятор

Берілді: Екі сан мен амал түрі (мәтін: add/sub/mul/div).
Табу керек: Таңдалған амалды орындайтын калькулятор программасы.
Шешуі (Python коды):
a1 = int(input("Birinshi sandy engizinder: "))
a2 = int(input("Ekinshi sandy engizinder: "))
operation = input("add/sub/mul/div: ")

if operation == 'add':
    a3 = a1 + a2
elif operation == 'sub':
    a3 = a1 - a2
elif operation == 'mul':
    a3 = a1 * a2
elif operation == 'div':
    a3 = a1 / a2
else:
    a3 = 'Kate!'

print("Jauaby: = ", a3)
Жауабы:
a1=55, a2=7, operation="div" → 7.857...
operation="22" (қате мән) → "Kate!"

Сөздік (Dict) арқылы таңдау

Сөздік (Dict)
Сөздік (dict) — таңдауды ұйымдастырудың балама тәсілі. Деректер кілт : мәні жұбында {} жақша ішінде сақталады, кілт қайталанбауы керек.
1 Кілт (key) 2 'Duisenbi' Мән (value) 'Seisenbi'
Деңгей: Оңай

Есеп 3. Апта күндері

Берілді: Апта күнінің нөмірі (1-7).
Табу керек: Сөздік арқылы күн атауын шығару.
Шешуі (Python коды):
k = {1: 'Duisenbi', 2: 'Seisenbi', 3: 'Sarsenbi', 
     4: 'Beisenbi', 5: 'Juma', 6: 'Senbi', 7: 'Jeksenbi'}

i = int(input("kun nomeri: "))
print(k[i])
Жауабы: i=4 → "Beisenbi"
Салыстыру
if-elif-else мен сөздік (dict) арасындағы айырмашылық:

dict тікелей кілт бойынша мәнді табады (жылдамырақ жұмыс істейді және қысқа жазылады), ал if-elif-else әр шартты тізбектей тексереді. Бірақ, аралық мәндерді (мысалы, "5-тен үлкен, бірақ 10-нан кіші") тексеру қажет болғанда if-elif-else тиімдірек.