Алгоритм Тармақталған алгоритм — орындалу жолы белгілі бір шарттың ақиқат немесе жалған болуына байланысты ажыратылатын алгоритм. "Егер", "онда", "әйтпесе" түйінді сөздері қолданылады.
Шарт Шарт — тексеру нәтижесінде "Ақиқат" (True) немесе "Жалған" (False) мәнін қабылдайтын логикалық өрнек.
Салыстыру операторлары
Амал
Python операторы
Атауы
>
>
үлкен
<
<
кіші
=
==
тең
≠
!=
тең емес
≥
>=
үлкен немесе тең
≤
<=
кіші немесе тең
Тармақталу түрлері
Тармақталудың екі түрі бар:
Толық тармақталу — екі тармақ ("иә" және "жоқ" жағдайлары, if-else) қарастырылады;
Толық емес тармақталу — тек "иә" тармағы ғана болады, else сөзі жазылмайды.
Ескерту: Кейбір оқулықтарда бұл "толық жазылу түрі" және "қысқа жазылу түрі" деп те аталады.
Синтаксис Python тіліндегі жазылуы:
if <шарт>:
<оператор 1>
else:
<оператор 2>
Шарттан кейін қос нүкте (:) қойылады, ал келесі жолда 4 бос орын (немесе Tab) шегініс жасалады. Толық емес тармақталуда else бөлігі жазылмайды.
Деңгей: Оңай
Есеп 1. Оң немесе теріс санды анықтау
Берілді: Пернетақтадан енгізілген a саны.
Табу керек: Сан оң немесе теріс екенін анықтайтын программа.
Шешуі (Python коды):
a = int(input("Kez kelgen sandy engiz: "))
if a > 0:
print("On san")
else:
print("Teris san")
Жауабы: a = 1235 → Нәтиже: "On san" a = -178 → Нәтиже: "Teris san"
Деңгей: Орта
Есеп 2. Жұп санды квадраттау
Берілді:a, b бүтін сандары. Егер a жұп болса, оны квадраттап b-ға қосады; тақ болса, a-ны өзгеріссіз b-ға қосады.
Табу керек:k нәтижесін есептейтін программа.
Шешуі (Python коды):
a = int(input())
b = int(input())
if a % 2 == 0:
a = a ** 2
k = a + b
print(k)
Жауабы: a = 6 (жұп), b = 5 → 6² + 5 = 41 a = 7 (тақ), b = 5 → 7 + 5 = 12