Кірістірілген шарттар

Кірістірілген тармақталу
Кірістірілген тармақталу — басқа тармақталу бұтақтарының (if немесе else) ішінде орналасқан тармақ. Бір if операторының ішінде тағы бір if операторы жазылады. Шегініс өлшемі әр деңгейде артады (мысалы: 8 бос орын, 2 деңгей).
Шарт 1 Иә Жоқ Шарт 2 Иә Жоқ Нұсқау А Нұсқау Ә Шарт 3 Иә Жоқ Нұсқау Б Нұсқау В
Деңгей: Орта

Есеп 1. Координаталық ширекті анықтау

Берілді: (x, y) нүктесінің координаттары.
Табу керек: Нүкте координаталық жазықтықтың қай ширегінде орналасқанын анықтайтын программа.
Шешуі (Python коды):
x = int(input())
y = int(input())

if x > 0:
    if y > 0:
        print("Birinshi toksan")
    else:
        print("Tortinshi toksan")
else:
    if y > 0:
        print("Ekinshi toksan")
    else:
        print("Ushinshi toksan")
Жауабы:
x=1, y=1 → Нәтиже: "Birinshi toksan"
x=2, y=-2 → Нәтиже: "Tortinshi toksan"
Каскадты тармақталу (elif)
Каскадты тармақталу (if-elif-else) — екіден көп нұсқадан таңдау қажет болғанда қолданылады. Шарттар жоғарыдан төмен қарай тізбектей тексеріледі; біреуі орындалған сәтте сәйкес блок іске қосылады және қалған шарттар тексерілмейді.

Python синтаксисі:

if <шарт 1>:
    <нұсқау 1>
elif <шарт 2>:
    <нұсқау 2>
else:
    <нұсқау 3>

elif бірнеше рет қайталануы мүмкін, ал else блогы міндетті емес.

Деңгей: Оңай

Есеп 2. Сандарды сөзбен атау

Берілді: Пернетақтадан енгізілген number саны.
Табу керек: Сан 1 немесе 2 болса, оны сөзбен атау, басқа жағдайда "Baska san" деп хабарлау.
Шешуі (Python коды):
number = int(input())

if number == 1:
    print("Bir")
elif number == 2:
    print("Eki")
else:
    print("Baska san")
Жауабы:
number = 1 → "Bir"
number = 2 → "Eki"
number = 100 → "Baska san"
Салыстыру
if...elif...else құрылымы кірістірілген if-else-ден оқылуы оңай болғандықтан артық саналады: кірістіруде шегініс саны артып, кодты түсіну қиындайды, ал elif барлық шартты бір деңгейде тексереді.