Ақпараттың өлшем бірліктері
Бит Бит (ағыл. binary digit) — ақпараттың екілік бірлігі, ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Сигнал бар болса — 1, жоқ болса — 0 түрінде өрнектеледі.
Байт
Байт — 8 биттен тұратын ақпарат өлшем бірлігі. 1 байттың көмегімен бір символ (әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын) кодталады.
| Атауы | Дәреже түрінде жазылуы | Шартты белгіленуі |
| Килобайт | 2¹⁰ (1024 байт) | Кбайт, Кб |
| Мегабайт | 2²⁰ (1024 Кбайт) | Мбайт, Мб |
| Гигабайт | 2³⁰ (1024 Мбайт) | Гбайт, Гб |
| Терабайт | 2⁴⁰ (1024 Гбайт) | Тбайт, Тб |
| Петабайт | 2⁵⁰ (1024 Тбайт) | Пбайт, Пб |
Бод
Бод — байланыс арналарының ақпарат тасымалдау жылдамдығының өлшем бірлігі. 1 бод = 1 бит/с.
Деңгей: Орта Тасымалдау жылдамдығы
Берілді: V = 120 Мб, t = 8 мин
Табу керек: Тасымалдау жылдамдығы (Кб/с)
Шешуі:
1) 120 Мб → 100 663 2960 бит
2) 8 мин = 480 с
3) 100 663 2960 бит / 480 с = 2 097 152 бод
Жауабы: 256 Кб/с
Деңгей: Оңай Өлшемдерді салыстыру
Берілді: V₁ = 2 Мб, V₂ = 64 Кб
Табу керек: V₁ / V₂ — ?
Шешуі:
V₁ = 2 · 1024 Кб = 2048 Кб.
V₁ / V₂ = 2048 / 64 = 32.
Жауабы: 32 есе артық