Деректер қорын жоспарлау, реляциялық дерекқор

Анықтама
Кестенің бағандары — өрістер, жолдары — жазбалар. Индекс — іздеуді тездететін көмекші кесте.
Анықтама
Бастапқы кілт — жазбаны БІРЕГЕЙ анықтайтын өріс. Логикалық (табиғи) немесе суррогатты (жасанды, id) болады.
Анықтама
Сыртқы кілт (foreign key) — бір кестенің өрісі, оның мәні БАСҚА кестенің бастапқы кілтіне сілтейді.
Алгоритм
ДҚ жобалау: қызметін анықтау → кестелер → өрістер → кілт → байланыс → ДҚБЖ таңдау.
Деңгей: Оңай

Кілт түрін ажырату

Берілді: «Аты-жөні» мен «ЖСН» өрістері.
Табу керек: қайсысы бастапқы кілтке жарайды?
Шешуі:
Аты-жөні қайталануы мүмкін, ЖСН — әр адамда бірегей.
Жауабы: ЖСН.