Анықтама
Big Data — дәстүрлі әдіспен өңдеу мүмкін емес, үлкен көлемдегі әрі алуан құрылымдағы дерек. Термин 2008 жылы Клиффорд Линч тарапынан енгізілген.
| Белгі (5V) | Мағынасы |
| Volume | Көлем |
| Variety | Алуандық |
| Velocity | Жылдамдық |
| Veracity | Дұрыстық |
| Value | Құндылық |
Мысал
Facebook-ке КҮНІНЕ шамамен 500 терабайт жаңа дерек жүктеледі.
Деңгей: Орта 5V белгілерін еске түсіру
Берілді: ұйым дерегінің дәлдігі мен сенімділігін тексереді.
Табу керек: қай белгіге сай келеді?
Шешуі:
Дәлдік пен сенімділік — Veracity (дұрыстық).
Жауабы: Veracity.