CSS селекторлар және қасиеттері

Анықтама
Идентификатор селекторы (#) — БІР ҒАНА бірегей элементке. Класс селекторы (.) — БІРНЕШЕ элементке қоюға болады.
#home { font-size: 200%; }
.cl1 { text-decoration: underline; }
ТегТүріҚасиеті
<div>БлоктықЖаңа жолға көшеді
<span>ЖолішілікСол жолда жалғасады
Анықтама
position қасиеті: static (әдепкі), relative (қатысты), absolute (абсолютті), fixed (тұрақты, скролда орнында қалады).
Деңгей: Оңай

ID мен CLASS ажырату

Берілді: сайттың 5 түрлі мәтініне БІРДЕЙ стиль қою керек.
Табу керек: id немесе class?
Шешуі:
Бірнеше элементке ортақ стиль керек болғандықтан class қолданылады.
Жауабы: class.