CSS: каскадты кесте, қолдану негіздері
Анықтама
CSS — веб-бет элементтерінің сыртқы көрінісін басқаратын технология. HTML — мазмұн, CSS — стиль.
h1 { color: blue; font-size: 12px; } Селектор (h1) → қасиет (color) → мән (blue).
| Тәсіл | Қайда жазылады |
| Ішкі стиль | Тегтің style атрибутында |
| Жаһандық стиль | <head> ішіндегі <style> |
| Сыртқы стиль | Бөлек .css файл, <link> арқылы қосылады |
Ескеру
Ішкі стиль ЕҢ ЖОҒАРЫ басымдыққа ие. Ең жақын (нақты) және ең соңғы ереже жеңеді.
Деңгей: Қиын Стиль басымдылығы
Берілді: <p style="color: blue"><span style="color: olive">Matin</span></p>
Табу керек: «Matin» қандай түсте?
Шешуі:
span-нің өз стилі ЕҢ ЖАҚЫН, сондықтан ол басым.
Жауабы: olive (сары).