Символдық жолдармен жұмыс
Анықтама
Символдық жол (string) — жадының көрші ұяшықтарында орналасқан символдар тізбегі. Python-да str типімен беріледі, ӨЗГЕРМЕЙТІН (immutable).
s = 'Python programming'
s[7:11]
s[::-1]
Ескеру
Индекс 0-ден басталады, теріс индекс соңынан санайды. Жолды тікелей өзгерту (s[0]='L') қате береді.
Анықтама
Салыстыру РЕГИСТРГЕ СЕЗІМТАЛ: ==, <, > символ коды бойынша жұмыс істейді.
Деңгей: Оңай Бөлікті алу
Берілді: s = 'Qazaqstan Respublikasy'
Табу керек: s[0:9] нәтижесі.
Шешуі:
0-ден 9-ға дейін (9 кірмейді): «Qazaqstan».
Жауабы: Qazaqstan.