Файлдармен жұмыс

Анықтама
Файлмен жұмыс: ашу (open()) → жұмыс істеу → жабу (close()).
РежимҚызметі
'r'Оқу (әдепкі)
'w'Жазу (мазмұнды ТАЗАЛАЙДЫ)
'a'Соңына қосу
Анықтама
read() — барлық мазмұн, readline() — бір жол, readlines() — барлық жол тізім түрінде.
with open('text.txt') as my_file:
    for line in my_file:
        print(line)
Ескеру
with операторы файлды автоматты жабады. write() жаңа жол таңбасын автоматты қоспайды.
Деңгей: Орта

Файлдан оқу және жазу

Берілді: input.txt файлында a=5, b=6.
Табу керек: қосындысын output.txt-ке жазу.
Шешуі:
readline() арқылы оқып, str(a+b) арқылы write().
Жауабы: output.txt-те 11.